«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

    

ас мәзірі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие сағаттарының әзірлемелері

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

            

 

                      

 

Тәрбие сағаты: Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы

 

Сабақтың мақсаты: Білеміз, айтамыз, танимыз
1. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұту.
2. Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлігін таныстыру
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Батырдың өмірін бейнелейтін слайдтар, батырдың шығарған кітаптарынан көрме, т.б.
Сабақтың барысы:

I. Минуттық үнсіздік
ІI. Кіріспе 

ІIІ. Өмірдерек - Хроникалық тәртіп бойынша «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін»
ІV. Мәнерлеп оқу. Арнау (ақындардың өлең жырлары)

V. Б.Момышұлы туралы деректер

VI. Қойылым (сахналау)

VII. Б.Момышұлы өз дауысымен айтылған видео

VІIІ. Ән: Бекболат Тлеухановтың орындауындағы «Елім менің» әні оқушылар қосылып айтады.
ІХ. Қорытынды.

I. Минуттық үнсіздік
ІI. Мұғалім сөзі:

   Көзінің тірісінде – ақ аты аңызға айналған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Рас, ол - жаужүрек батыр да, қолбасшы да, қаламгер. Әрине қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан әріге асып көрген емес. Ал, Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл – ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті - оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Екінші жағынан алғанда, Бауыржан қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, түйіндей айтсақ, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басындағы айқын көрінісі. «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,» - деп жырлар сорлы қазақ мен өлгенде, Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, Тарихтың түпкірінен сен өлгенде,- деген өлең жолдарынан атамыздың көрегендігін көреміз.
ІIІ. Өмірдерек «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін»
1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
1921 жылы Әулиеатадағы Аса интернатына оқуға келеді.
1924 жылы үшінші сыныпта Шымкенттің жеті жылдық мектебіне ауыстырылады.
1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынборға келеді. Бірақ әлеуметтік жағдайына байланысты кері қайтады.
1928 - 1930 жылдары бастауыш мектепте мұғалім болады.
1932 жылы Қызыл армия қатарына шақыртылады. Қызметін өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді.
1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіреді, сол жылы Қызыл армия қатарына қайта алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.
1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.
1941 жылы соғыс басталғанда 316 - атқыштар дивизиясының жасақталуына атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Осы жылы Мәскеу түбінде ұрыстар жүргізіп ерлігімен көзге түседі.
1941 жылы 26 қарашада маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.

ІV. Мәнерлеп оқу.
Арнау Тәубе! Тәубе!

                        
Тәуелсіздік – теңдігің,                                 
Ұлы дала егеменді ел бүгін.
Бауыржанның батырлығын ескерген,
Елбасының ұмытпайды ел ерлігін.


Ыңыранып ыршып шыққан қамыстан,
Тұла бойы жаратылған намыстан.
Отан үшін отқа түсіп Бауыржан,
Ата жаумен арыстандай алысқан.

 

Бауыр болып, дос құшағын жайғанда,
Ел мүддесі айналады айбарға.
Ұлы Баукең Мәскеу үшін қан кешті,
Панфиловпен тізе қосып майданда.

Ол ерлердің даңқы өшкен жоқ әлі,
Жұлдыздардай самғай берер жоғары.
Бірлік, достық, ынтымағы бар елге,
Бақ-береке мәңгілікке қонады.

Айбарланып Алатаудың бөктері,
Көк байрағым нұр төгеді көктегі.
Қалғытпашы қазағымның рухын,
Алашымның азулысы, көк бөрім.

Біз – қазақпыз досқа құшақ ашатын,
Біз емеспіз жауды көрсе қашатын.
Бауыржандай батыры бар біртуар,
Қазақстан Республикасы жасасын!                Бақытбек СМАҒҮЛ


V.Б.Момышұлы туралы деректер
VI. Қойылым (сахналау).

   Мен 25 жыл әскерде болдым. Біле білген кісіге бұл үлкен университет. Осы 25 жылдың ішінде талай қолбасшымен кездестім, сабақ алдым. Талай генералдың қол астында қызмет істедім, тәрбие көрдім. Өйткені командир деген әскери педагог қой. Осы әр ұлт адамдарымен қызметтес болғанымды өзіме ерекше мектеп деп бағалаймын. Мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп ойлаймын. Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін қасықтай қаным пида деп жанып тұрған отқа талай түстім. Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз, оңбаған адам. Өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші!
VIІ. Видео ролик Б. Момышұлының өз дауысымен айтылған сұхбат

     Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармалар көп. Солардың бірегейін атасақ

·  «Қанмен жазылған кітап»

·  «Ұшқан ұя»

·  «Москва үшін шайқас

·  «Менің отбасым»

·  «Майдандас достарым»

·  «Генерал Панфилов»

·  «Төлеген Тоқтаров»

·  «Адам қайраты»

·  «Артымызда Москва»

    Б.Момышұлы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазған. Оның  «Біздің отбасы», «Артымызда Москва» , «Майдандағы кездесулер» сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.

    Бауыржан Момышұлының қаламынан шыққан мақал- мәтел нақыл сөздерге назар салсақ

·  «Ептілік пен батылдықты қосса айлакерлік шығады».

·  «Әскерсіз қолбасшы - қауқарсыз,

    Басшысыз әскер — әлсіз.»

·  «Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.»

·  «Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

    Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.»

·  «Тәртіп –тән үшін, ынтымақ жан үшін керек.»

·  «Тәртіпке бас иген құл болмайды.»

·  «Елсіз ер болмайды

    Ерсіз ел болмайды.»

·  Тізе бүгіп тірі жүргеннен

   Тіке тұрып өлген артық

 

·  «Көре алмаған көз сорлы,

    Айтылмаған сөз сорлы.»

·  «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше ,

    Шындықтың  уын ішіп өлген артық.»

·  «Ердің туы - намыс.»

·  «Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.»

·  «Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік – жігіттіктің қасиеті.»

IІ. “Елім менің “Бекболат Тлеуханов.(балалар қосылып айтады)
ІХ. Қорытынды.

   1947 жылы Бауыржан Момышұлы Красноярскіде әскери қызметте жүргенде былай деп жазған екен: Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде. Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, Тарихтың түкпірінен сөз келгенде. - Міне, батырдың өзі жазғандай , Бауыржан атамыз биыл 110 жасқа келеді. Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Осыны ұмытпайық жас ұрпақ!Осымен тәрбие сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
 

 

 

Тажмаганбетова Жанар Оразбаевна,                                                       Қызылту орта мектебінің                                                          5 «А» сыныбының сынып жетекшісі.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 07.02.2020 13:05
Құрылған күні: 14.02.2020 18:06

Текст