Мектеп формасы-бүгінгі заманның талабы.
«Білім беру туралы» ҚР заңының талаптары, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп қағидалары, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес орта білім беру ұйымдары үшін мектеп формасын кию талабын ұстанамыз.
ҚР білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына (2-қосымшасы) сәйкес мектеп пен ата-ана арасындағы білім беру қызметтерін көрсету бойынша әр ата-анамен жеке келісім шарт жасалады. Сол келісім шартта оқушыға мектеп формасын кигізу ата-ананың міндеті екені анық көрсетілген.
Мектеп Жарғысында мектеп формасының талаптары негізге алынып, білім мекемесінде міндетті мектеп формасын ұстануы қатаң сақталады.