«Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған рухани орталығымызда 2021 жылдың ақпан айының 4 күні «Ұлылардың ұлысы-Абай» атты дөңгелек үстелі Абай клубының мүшелерінің қатысуымен өткізілді. Мақсаты:Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып» Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту. Аталмыш іс-шарада оқушылар сөз сөйлеп, тақырып бойынша өз ойыларымен бөлісіп,сұрақтар қойылып,пікір алмасты.ұлы ақынның бүгінгі және ертеңгі күннің бейнесі болып табылатын тақырыптары талқыланып, талдау жасалады.Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.