Туған жер
Сабақтың тақырыбы: Туған жер
Сабақтың мақсаты: Президент Н.Ә.Назарбаевтің еліміздің жахандану идеясымен танысу. Өлеңдер арқылы ақындардың туған жерге деген ыстық сезімдерін ұғыну. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, ауызша сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін арттыру.
Көрнекілігі: Қ. Аманжолов, С. Торайғыров суреттері, карта, домбыра, кесте, қор, теңге, елтаңба, сюжетті сурет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Н.Ә.Назарбаев туралы видео-ролик. Видео-роликке байланысты оқушы мен оқушы арасында диалог. Рухани жаңғыруға байланысты эссе жазу. Тақырыбы «Туған жер»
- Біздің еліміз кең - байтақ. Отанымыз Қазақстан Республикасы. Ата - бабаларымыз 3, 5, 7 сандарын киелі санаған. 3 санына байланысты ұғымдарды айту.
- Жігіттің 3 жұрты бар: нағашы, қайын, өз
- Үш арсыз: ұйқы, күлкі, тамақ
- Үш асыл: көз, тіл, көңіл
- Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз
- Үш жақын: жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті
- Үш дауасыз: мінез, кәрілік, ажал
- Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат
Өзі өскен еліне, туған жеріне, оның табиғатына жыр арнамаған ақын жоқ. С. Торайғыровтың «Туған еліме» өлеңін жатқа айту. Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңін жатқа айту.
Ондағы негізгі ойды табу.
1. Кең даланы қанша шарласа да шаршамайтыны
2. Туған жер алтын бесігің, Осындай туған жердің қадірін білмесем, кешіре гөр!- деп кешірім өтінуі.
3. Мақтаныш сезімі
4. Туған жердің байлығы, жомарттығы.
Венн диаграммасы
Екі өлеңді салыстыру
С. Торайғыров ------------------- Қ. Аманжолов
Еліне арнайды ---------------------- Жеріне арнайды
Елі үміт артады ---------------------- Алтын бесікке теңейді
Ілім - білім жинайды ----------------- Кешірім сұрайды
Үмітін ақтайды ---------------------------- Байлығын, кеңдігін, ұлылығын жазады
Ризашылығын білдіреді ------------------- Барымды беремін
Екеуі де туған жерге деген сүйіспеншілігін жазады
Топтық жұмыс
1. Туған жер туралы мақал-мәтел
2. 4 жол өлең құрастыру
Өмірмен байланыс
- Ал, балалар сендердің туған жерлерің қалай аталады?
- Біздің туған жеріміз Қорғалжын ауданы Республикамызға несімен танымал? ( кітабынан суреттер көрсету)
Қорғалжын туралы видео-ролик
Ән: «Қазақтай ел қайда»
Қорытынды: Рухани жаңғыру әр қазақтың міндеті. «Рухани жаңғыру» бойынша жұмыстар әлі алда, сондықтан барлығыңызға рухтарыңыз биік болсын деп тілеймін!