Тақырыбы: Туған ел- туған жер
Сабақтың идеясы: Рухани жаңғыру құндылықтарын дамыту.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы жайлы мағлұмат беру. Әрбір қазақстандықтың тұлғалық дамуы үшін үшінші жаңғыру мүмкіндіктерін талқылау.
Күтілетін нәтижелер: Үшінші жаңғыру кодексінде тұлғалық дамуға байланысты идея мен шығармашылықтарын дамыту.
Сабақтың құрылымы:
1.Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына тоқталу. (5 мин)
2.Туған жер жайлы жыр-шумақ. (5 мин )
3.Бейнефильмді көру (12 мин)
4.Бейнефильмнің идеясы мен сюжетін талқылау. (5 мин)
5.Шығармашылық тапсырма. (10 мин)
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі. (1,5мин)
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген ел дамуының негізгі бағыттарын ашады. Мақалада елдің дамуының жаңа идеологиялық тұғырнамасы болып табылатын бағдарлама ұсынылған. Рухани жаңғырудың алты бағытының барлығы да алдыңғы қабылданған ұзақ мерзімді, әлеуметтік экономикалық бағдарламаларды қолдауға және табысты жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстанның келешектегі даму бағыттары мен негізгі басымдығы ретінде білім беруді жаңғырту және мәдени- адамгершілік құндылықтарды сақтауға баса назар аударылған. Елбасы атап көрсеткендей, экономиканың алдына қойған міндеттерге қол жеткізу және дамыту, қазіргі әлемдегі дамыған алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кіру болып табылады. Ал бұл тек рухани құндылықтар мен басымдықтар дұрыс және нақты қойылған қоғамда ғана мүмкін болады.
1.Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына тоқталу.
Әліби: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Махаббат: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына
барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Аяулым: 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жарияланды.
Нұрдаулет:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
2.Туған жер жайлы жыр-шумақ.
Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген
Қайратты қарт Қаратау қойнауында.
Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.
Отаным – қазақ елім, алға ұмтылған,
Өз елімде кезім жоқ сағым сынған.
Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін,
Бәсекелес отыз елдің қатарынан.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!
Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді
Менің елім, менің елім — жыр елі!
Қанат қомдап таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,
Менің елім, менің елім — гүлстан!
Мен жаныммен сүйемін осы ауылды,
Мен қаныммен сүйемін осы ауылды.
Қалай ғана сүймейін, қалай ғана,
Кіндігіммен кессе ол тұсауымды.
Өмірге келдім, сені көрдім, туған жер,
Ең алғаш рет кіндік қаным тамған жер.
Өтті сенде қуанышты әр күнім,
Топырағыңда асыр салып, шалқыдым.
Бейнекөрсетілім: (12 мин)
Мұғалім: фильмнің негізгі идеясын оны көріп болғаннан кейін, сыныпта бірден талқыланатыны туралы айтылады. Ол үшін келесі сұрақтарды тақтаға жазу қажет.
1.ХХІ-ғасырда бәсекеге қабілетті болу үшін маған қандай қасиеттер қажет?
2.ХХІ-ғасырда табысты ілгерілеу үшін менің халқымның мәдениетінде нені сақтау қажет? Осы сұрақтарға бейнекөрсетілім арқылы
жауап беру.
4.Шығармашылық тапсырма.
1-топқа: Туған жер, Отан туралы мақалдарды жалғастыру.
Туған жердей жер
болмас,.................
Отан.....................
Бақа көлінде
патша..............................
Отан үшін отқа түс........................
2-топқа: Өлең шығару жалғасын тауып.
.........................................................мекенім
.........................................................келемін,
........................................................жетемін
.........................................................сенемін.
Қорыту: Мінекей жаман әдеттерден аулақ болып, тек жақсыға ұмтылуымыз керек. Ендеше рухани жаңғырудың құндылығын түсініп, туған жерге тигізетін пайдамыз, еліміздің болашағына қандай үлесімізді қосамыз деп қазірден бастап ойланып, мен қандай мамандық иесі боламын ол мамандықтың елге тигізер пайдасы қандай деп ойланып, білімді, елге көмегін тигізетін азамат болып өсуіміз керек. Ата-бабамыздың жаудан қорғап сақтаған жерін өзіміз дамытып, өркендетуіміз керек. Елбасымыз айтқандай мәдениетімізді сақтап, дамыған 30 елдің қатарына қосылуға атсалысатын кейінгі ұрпақ ол сіздер.
Ән шашу: « Атамекен»