Кіріспе: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңғырған қоғамның тереңнен бастау алатын рухани коды болатыны айтылады. Сондай-ақ, мақалада ұлттық рух пен ұлттық сананың кемелденуіне, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді сақтауға, бағалауға, дамытуға баса назар аударылады. Ұлттық код мәселесіне келгенде әрбір сөзіміз рухани тамырымызбен сабақтасуы қажет. Мемлекет басшысы болашаққа бағдар болған мақаласында: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» – дейді. Шынында, жаһанданған қоғамға жұтылып кетпеуіміз үшін де ұлттық тамырдан нәр алуымыз қажет. Қазақ даласында келешек ұрпаққа үлгі боларлық небір кемеңгерлер өткен. Олардың арасында хан да, би де, жырау да, батыр да бар екенін назарда ұстауымыз керек. Қоғам қайраткері Амангелді Айталы ағамыз сұқбатында: «Бүгінгі жаһандану заманында көптеген мемлекет ұлттық құндылықтарына алаң¬дап отыр. Ағылшын тілінің қуаты, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының тасқыны өсіп тұрған жағдайда елдің ұлттық құндылығы, оның тағдыры қалай болады ¬деген мәселе көптеген мемлекетті мазалайды. Соның бірі – біз. Құндылықтар дегеніміз – ұлтты ұлт ететін қасиеттер. Президент өз мақаласында ұлттық рухани код туралы жазды. Бұл «қазақты қазақ ететін қандай құндылықтар, қандай мәдениеттің бағыттары» деген сөз. Біз тек тамағымыздың тоқтығына мәз болмай, рухымыздың күштілігіне, қадір-қасиетіміздің молдығына бүгін мән беруіміз керек. Адамға тек жұмыс күші, мате¬риалдық өндірісті игіліктерді шы-ғаратын тұлға деп емес, қоғамның маңызды күші, рухы биік тұлға, рухы биік қазақ, рухы биік Қазақстан мемлекетінің азаматы деп қарауымыз керек» деген ойын білдіреді. Осы жерде қазақты қазақ ететін құндылықтардың бірі бесік жыры. «Тәрбие басы – тал бесік» деген бабаларымыз ұрпақ мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Бесікте жатқанында құндақтағы баласын бесік жырымен өсірген. Одан өсе келе халықтық ертегілер мен аңыз-әпсаналарды айтып, небір батырлар жырлары арқылы еркіндік пен әділдікті сүйетін қазақы рухты бойларына сіңірген. Дала мектебінен тәлім алған ата-бабаларымыз болашақта ізін жалғар, тұяғын басар ұл-қыздарына осылайша тәрбие берген. Осы арқылы ұлттың тіні мен дінін ұрпақ бойына сіңірген. Абайды оқыған, Құрманғазыны тыңдаған қазақ түп-тамырынан ажырамайды. Ұлттық кодтың негізі ұлттық тәрбиеде жатыр. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайтыны айтылған. Ұлттық код туралы сөз қозғалғанда ұлттық таным-түсінік, әдет-ғұрып, салт-дәстүр де назардан тыс қал¬мауы керек. Мемлекет басшысы: «...Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» дейді өз мақаласында. Біздің бүгінгі сынып сағатымыз да «ұлттық кодымызға» байланысты, яғни ұлттық құндылықтарымызға, салт-дәстүрлерімізге, ұлттық болмысымыз, мәдениетіміз, әдебиетімізге, ұлттық тағам, киім.т.с.с қамтылған сайыс-сабағы.
Тақырыбы: «Ұлттық код-рухани байлық»
Мақсаты: Заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімін ояту. Дәстүрімізге жанашырлыққа тәрбиелеу.
Қатысатындар: 6а,6ә сыныптар
Өтуі: 1. Топқа бөлу
2. Сұрақ-жауап
3. Мүсіндер суреттері
4. Қол өнері
5. Асықтағы сұрақтар
6. Мақал-мәтел, ырым-тыйым сөздер
7. Арқан тартысу
Сабақ барысы:
1.Оқушыларды сурет қиқымдарын құрастыру арқылы топқа біріктіру. Психологиялық дайындық
2.Сұрақ-жауап. Әр топқа дайын сұрақты қойып, жауап алу.
1топ- Қазақ қыз-келіншектерінің бас киімдерін ата? (бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, сәукеле, тақия, шәлі, т.б.)
Кимешекті кімдер киеді? (жаңа түскен келін) Ер жігіттің қанша жұрты болады? (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты). Бөле деп кімдерді атайды? (Апалы-сіңлілі қыздардың балаларын бөлелер деп атайды). Киіз үйдің шаңырағына жабатын шаршы киізді не деп атаймыз? (түндік)
2 топ- Ою дегеніміз не? (Бір заттың бетіне түсірілген түрлі нақыш, бедер, өрнек, әшекей) Шекпен деген не? (Түйенің иірілген жүнінен тоқылатын сырт киім) Әйел адамдар мойнына тағатын сәнді бұйым не деп аталады? (алқа) Наурыз көже қандай тағам? (Наурыз күнінде жеті түрлі дәмнен жасалатын ұлттық тағам) Қымыз ненің сүті? (Қымыз биенің сүті)
3 топ- Ұлттық ойындардың түрлері қандай? Тыйым сөздерді ата. Сүйінші сұрау деген не? Қазақтың ұлттық дастарханында тамақтардың негізгі үш түрі бар. Оларды ата. (ет, сүт, нан тағамдары) Сыбаға деген не?
4 топ- Жиен деген сөзді қалай түсінесің? Ер азаматтың қаруын ата. Білекке тағатын әшекей бұйым қалай аталады? (білезік) Құрт көже қандай азық-түліктен жасалады? Сыйлы, үлкен табаққа салатын мүшелерді ата?
3. Сурет өнері- Қазақстандағы белгілі мүсіндерді салып, қай жерде тұрғанын айтып бер.
4.Қол өнер. Алдын ала өздері дайындап әкелген бұйымдардан қол өнер (әшекейлер) жаса.
5.Асықтағы сұрақтар. Танымдық ойын. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез- келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен.?
«10» саны - Он ата шежіресін таратып беріңіз.(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жұмағат)
«3» саны - Үш мақсатты ата.(жол мақсаты - жету, дау мақсаты - біту, сауда мақсаты - ұту) - Үш арсыз (ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)- Үш алыс (кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)- Үш биді атаңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)- Үш жүзді атаңдар (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)- Үш даусыз (мінез, кәрілік, ажал)- Жігіттің үш жақын жұртын ата.(ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)- Үш арыс (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)- Үш сауап (шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен) Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)- Үш тәтті (жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)
«4» саны- Төрт қонақ түрін атаңдар (арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)- Төрт түліктің пірін атаңыз (түйе пірі - Ойсыл қара, жылқы пірі - Қамбар ата, сиыр пірі - Зеңгі баба, қой пірі - Шопан ата, ешкі пірі - Шекшек ата)- Төрт қымбат не? (Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт - береке атаң қымбат.
Мейіріміңді анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат)
«5» саны- Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
- Бес асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
- Бес байлық (Әуелгі байлық - денсаулық. Екінші байлық - еркіндік.Үшінші байлық - тіл байлық. Төртінші байлық - қайрат - күш, ақ жаулық. Бесінші байлық - балаңыз.)- Бес қаруға нелер жатады? (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)- Бес жақын кімдер? (Тату болса - ағайын жақын,
Ақылшы болса апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Инабатты болса - келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың.)
«6» саны- Алты алаш деген кімдер? (Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан)
- Алты қиынды атаңдар. (Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын, Шанышқылаған сөз қиын. Жазылмаған дерт қиын. Іске аспаған серт қиын,
Ақылыңнан адасып, Өзің түскен өрт қиын. Не істеріңді біле алмай, Ашиды сонда бас миың)
«7» саны- Жеті жұт.(құрғақшылық, мал жұтау, оба,(індет), өрт, соғыс, жер сілкіну, сел (тасқын)- Жеті күнді атаңдар (Бүгін - дүйсенбі. Ертең - сейсенбі. Бүрсігүні - сәрсенбі. Арғы күні бейсенбі. Қасиетті күн жұма. Соңғы күні - сенбі. Азына - жексенбі.)- Жеті қазынаны атаңыз.(ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)
Жеті атаны таратыңыз? (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)
- Жеті жетімге нелер жатады? (Тыңдаусыз қалған сөз жетім, Қиюсіз қалған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу - қазсыз көл жетім.
Елінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса, Бәрінен де сол жетім.)
6.Мақал-мәтел
Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің «Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеуге кезек берейік. Қане, екі жақтан кім шығады?
- Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.
- Амансың ба, досым. «Қуыс үйден құр шықпа»деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
- «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.
- «Сыйға сый, сыраға бал»демекші өткенде өздеріңе риза болып қайттық қой.
- «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер»демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін!
- «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар»деген ғой, о не дегеніңіз?
-«Бірлік түбі - тірлік»деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
-«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады»дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.
-«Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер»демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.
-«Тау тауға қосылмас, адамға адам қосылмас»деген, әлі кездесерміз, сау бол!
Мақал-мәтел сайысы:
Ата- дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде.!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
1.Еңбектің наны тәтті. (Жалқаудың жаны тәтті.)
2.Атаңның баласы болма, (Адамның баласы бол).
3.Ақыл жастан шығады. (Асыл тастан шығады).
4.Досы көпті жау алмайды. (Ақылы көпті дау алмайды).
5.Ұяда... ұшқанда (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)
6. Ата... бала...(Ата - бәйтерек, бала- жапырақ.)
7. Ер... ез...(Ер бір өледі, ез мың өледі.)
8. Өле... бөле...(Өле жегенше бөле же.)
10. Таяқ... сөз...(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)
11. Мал... жер...(Мал баққандікі, жер жыртқандікі.)
12. Тентектің... түстен...(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.)
13... сүйіндіреді,... күйіндіреді...(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
14. Мысыққа..., тышқанға...(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.)
15. Мектеп..., білім,(Мектеп - кеме, білім - теңіз.)
7.Арқан тартысу.
6 сынып сабақтары бойынша сұрақтар қойылады.
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта
жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!