«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

    

ас мәзірі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елін сүйген, елі сүйсінген - Елбасы»

30.11.2017

«Елін сүйген, елі сүйсінген - Елбасы»

Мақсаты:  а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш

баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру. б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

Г И М Н

Бүгін 1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 26 – шы жыл тойланып отыр. Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

1 оқушы:  Айтмұхан

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа қадам» атты бейне материалына назар аударыңыздар

2 оқушы:  Азиза

Елбасы елді қорғайды,

Халқы оны қолдайды.

Мен жырлайын,

Сөзбен өрнек өрейін.

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқан, Ұлы Отан.

Басқарған аға Нұрсұлтан!

3 оқушы: Санжар

Тәуелсіз  азат елім,

Бақ қонған ғажап елім.

Нұрсұлтан Назарбаев,

Артамыз  сізге  сенім.

4 оқушы Б. Анель

Елбасымыз киелі,

Тау тұлғалы атамыз.

Ел басқарып келеді,

Нұр атанып жүреді.

5 оқушы:  Жібек

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай көлімізді

Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.

Өлең оқу: «Мен Қазақпын» Жұбан Молдағалиев;  Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қазақ тілі»

6 оқушы: Жансая

Мен - қазақпын мың өліп, мын тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

7 Оқушы: Т. Анель

«Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутімнен,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен, құлыным, жаным деген.

Сол тілменен бірінші білгізілген,

«Апа» деген сүйгендік сөз һәм менен.

8 оқушы:  Балжан

Елімнің атын айтсам – Қазақстан

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан

Қойнауы қазынаға толы мекен

Байлығым атын айтсам – Қазақстан

Қазақстан – менің мақтанышым

Қазақстан – өзен, көлдер, теңіздер

Қазақстан – қала, жасыл ауылдар

Қазақстанның табиғаты тұнған байлыққа.

9 оқушы : Кәусәр

Еліміз бар, жеріміз бар,

Жер астында кеніміз бар.

Халқымыз да көп ұлтты,

Бүгінде олар бақытты.

Мұғалім: Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.

Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

10 оқушы: Дарын

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп                                                                                                            

1 сынып оқушысы  Өмірбек Аиданың орындауында « Егемен ел Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.                                                         

 Мұғалім: Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек. Мұғалім: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан, ұлттық  дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат. Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер

11 оқушы:  Алтынгүл  «Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Мұғалім:

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

12. Елжан:  Бүгінде әлем таныған.

Тәуелсіз  елім – Қазақстан.

Егіз  ұғым секілді

Қазақстан - Нұрсұлтан.

Қазақ халқымыздың сәндік қолданбалы өнерлері мен ұлттық дәстүріміз ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де аса маңызды болғандықтан көненің көзі болған тарихи мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру баршамыздың парызымыз

13 оқушы: Аида

Бүгінгі Астананың нұры қандай!

Көгінде желбіреген Туы қандай!

Еуропаның төрінде билік айттық,

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.

Мұғалім:  Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей отырып,

1-сынып оқушысы Бикен Жансаяның орындауында "Қазақ елі осындай" әнін қабыл алыңыздар.

Мұғалім:  Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз» Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

1 оқушы: Айтмұхан                                                                                                                                                         

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2 оқушы: Азиза                                                                              

Елбасы елді қорғайды,

Халқы оны қолдайды.

Мен жырлайын,

Сөзбен өрнек өрейін.

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқан, Ұлы Отан.

Басқарған аға Нұрсұлтан!

3 оқушы: Санжар                                                                                                                                                                           

Тәуелсіз азат елім,

Бақ қонған ғажап  елім.

Нұрсұлтан Назарбаев,

Артамыз  сізге сенім.

4 оқушы Б. Анель

Елбасымыз  киелі,

Тау тұлғалы  атамыз.

Ел басқарып  келеді,

Нұр атанып  жүреді.

5 оқушы:  Жібек

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай көлімізді

6 оқушы: Жансая

Мен - қазақпын мың өліп, мын тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

7 Оқушы: Т. Анель

Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутімнен,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен, құлыным, жаным деген.

Сол тілменен бірінші білгізілген,

«Апа» деген сүйгендік сөз һәм менен.

8 оқушы:  Балжан

Елімнің атын айтсам – Қазақстан

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан

Қойнауы қазынаға толы мекен

Байлығым атын айтсам – Қазақстан

Қазақстан – менің мақтанышым

Қазақстан – өзен, көлдер, теңіздер

Қазақстан – қала, жасыл ауылдар

Қазақстанның табиғаты тұнған байлыққа.

9 оқушы : Кәусәр

Еліміз бар, жеріміз бар,

Жер астында кеніміз бар.

Халқымыз да көп ұлтты,

Бүгінде олар бақытты.

10 оқушы: Дарын

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Әннен шашу болды оған міне бір арман

11 оқушы:  Алтынгүл  «Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

12. Елжан:

 Бүгінде әлем таныған.

Тәуелсіз  елім – Қазақстан.

Егіз  ұғым секілді

Қазақстан - Нұрсұлтан.

13 оқушы: Аида

Бүгінгі Астананың нұры қандай!

Көгінде желбіреген Туы қандай!

Еуропаның төрінде билік айттық,

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.

Просмотров: 257


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст