«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

    

ас мәзірі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19.11.2017

Мен чемпион

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Барысы:                                                                                                                                                            

I-Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды топпен сапқа тұрғызу. Ойын шартымен таныстыру.

Қатысушы топтар: Қыран тобы. Сұңқар тобы.

Қыран тобының ұраны: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

Сұңқар тобының ұраны: «Дені саудың - жаны сау»

-Сайысымызды бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен танысайық:

Спорттық сайысымыз 5 ұпаймен бағаланады.

I-кезең «Секіртпемен секіру»

Шарты: Екі топқа бөлініп секіртпемен берзілген межеге жарыса жетеді.

II-кезең: «Аққала»

Шарты:

Допты жерге ұрып жүгіру, қайтарында сол допты келесі оқушыға теуіп жібереді.

III- кезең  «Кедергілер»

Екі жол кедергілер қойылған әр топ кедергілерді құлатпай, арасынан өтіп, айналып жүгіріп келу керек.

Қорытынды:.

Спорт - көркі өмірдің,

Спорт-досың серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың

Шынығып, өсіп, толарсың,- демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік.

 

Просмотров: 299


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст