Рухани жаңғыру-еліміздің жарқын бейнесі
Төткүл әлем көзін тіккен Қазақстан мемлекетінің қарқынды дамуы Елбасының кемеңгерлігі деп білемін. Себебі, көпұлтты мекен еткен қазақ елінің болашағы кемел, сондықтан өзге ұлыс өкілдерінің тату-тәтті өмір сүрулері тыныштық пен ынтымақтың ұйытқысы бола білді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне бағыттайтын салиқалы ой мен сындарлы жоспар іспетті. «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана - сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек», -деп Н.Назарбаев өз мақаласында әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу қажеттігін тайға таңба басқандай атап өтті. Міне, рухани жаңғыру кемелденген елдің салынатын алтын көпірі секілді нақты қадамдарды айқындап берді. Осы орайда алдағы уақыттағы атқарылатын міндеттердің бірі-латын әліпбиіне көшу болып табылатындығын және де тарихымыздағы ең көне әліпбиіміздің қазіргі жаңа ақпараттық технология дамыған кезеңіне қосар үлесі зор екендігін Елбасы ерекше тілге тиек етті. Туған жердің қадір-қасиетін ұғынуға, елдің тарихы, салт-дәстүрі, туған жердің тасы мен өзені, бәрі де әр перзентке ыстық болары сөзсіз. Туған жерге деген оқушының бойында ізгілікті, сүйіспеншілікті арттыру бүгінгі күннің нақты мақсаты болып табылады. Рухани жаңғыру аясында мектебімізде іс-шаралар жүзеге асырылуда, аудандық, облыстық байқауларға да қатысып, өз үлесімізді қосудамыз. Оқушылар арасында шығармашылық байқаулар, сурет көрмелері, сынып сағаттары мен кездесулер ұйымдастырылуда. Өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында қазақ тілінен өткізілген облыстық шығармашылық жобалар «Тіл дарын-2017» байқауына 5 сынып оқушысы Мулюкова Людмила қатысып, сертификат иеленді, мұғалімі-Нығыманова Шолпан Елтайқызы. «Тіл фестивалі» аудан көлемінде ұйымдастырылған байқауда ұйғыр ұлтын насихаттаған мектеп оқушылары жүлделі ІІІ орынды иеленіп, сыйлықтармен марапатталды. Аудандық ұлттық ойындар бойынша асық ату, тоғызқұмалақ ойындарынан сайыста 10 сынып оқушысы Салдатбек Айбек жүлделі І орынды, 8 сынып оқушысы Мағауияқызы Тамила жүлделі ІІ орынды, 8 сынып оқушысы Данабек Ақмарал жүлделі ІІІ орынды қанжығаларына байлады.Асық ату ойынында 9 сынып оқушылары Сейтжан Әлішер, Мұхтатов Ардақ өз ептіліктерін танытып жүлделі ІІІ орынды еншіленді, мұғалімдері- Нұртазин Қайырбек Ермекұлы, Уызбаев Бақтияр Бөгенбайұлы. Туған жерге деген тағзымды арттыруға байланысты мектептен білім алып, бүгінгі таңда әр мамандықтың қырын меңгерген түлектерді өз туған жеріне сый-сияпат жасауға ынталандыру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды. Осы орайда мектеп түлектерінің алтын ұя мектептеріне жасаған демеушілік қамқорлықтарын атап өткенді жөн көрдім. Рухани жаңғыру кезеңінде мектеп түлектері мен жеке шаруашылық қожалықтары мектепке өз үлестерін қосуда. Соның айғығы, технология пәніне қыз балаларға аранлаған тігін машинкасын мектеп түлегі Айтлеуов Тәубәжан Хамитұлы, оқушылардың спорт формасына мектеп түлектері Едилов Айтмухан Елғонұлы,Тынысбеков Мухамеджан Қуанышұлы, Бакиршиков Қуат Мухамеджанұлы, мектептегі жол жүру ережесі бұрышына «Болашақ» ЖШ басшысы Абильдин Қызырбек Байкенұлы, патриоттық тәрбие барысында әскери киім формасына «Агрофирма жер-888» ЖШС басшысы Медеубаев Абай Балташұлы, теннис үстелін 1964 жылғы мектеп түлектері, телевизор мен «Отау ТВ» арнасын 1996 жылғы мектеп түлектері демеушілік жасады. Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясында «Ақжол-2030» ЖШС басшысы Досанбаев Бекет Анарбайұлы, «Жакен-2» ЖШС басшысы Мантиков Ғалы Тойғұлұлы, «Қошмағанбет» ЖШС басшысы Абильдин Рысбек өз тараптарынан қолдауларын көрсетеді. Ауыл әкімі Жұмашев Құсайын Хасенұлының бастамасымен мектеп маңайын көгалдандыру жұмыстары жүзеге асырылды, аққайың ағаштары отырғызылды. Туған жеріміздің көркеюі мен өркендеуінде білім саласының да қосар үлесі зор. Демек, бүгінгі ұрпақты білім мен тәрбиеге үйрете отырып, ғибрат алар жасалған игі бастамалар бүгінгі жеткіншекке үлкен өнеге болары сөзсіз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, жақсы жайсаң жандарға ризашылығымыз шексіз.«Бірлік бар жерде, тірлік бар» - деп халық нақылында айтылғандай бірлігі жарасқан еліміздің алар асуы, шыңы биік болғай!