Қызылту орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі: Нуржигитова Г.О 3-сынып оқушылармен бірге "Адамның жан сүлулығы" атты тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты: Адам мінез-құлқының, іс-қимылының дүниедегі ең сұлу мәнге ие екендігін дәлелдеу, сол арқылы оқушылардың жан дүниесінің сұлу болуына ықпал жасау. Яғни оқушылар бойындағы эстетикалық тәрбиені қалыптастыр.
Сұлулық – адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантатын, тәнті ететін, сүйіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі. Солардың ішіндегі ең кереметі қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті – адам, соның сұлулығы.
Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы өзінің мінез-құлқы, қылығы, ісі. Басқа адамдарға деген байланысы арқылы қалыптасады. Әдетте, біз қыздың немесе жігіттің сұлулығы, көркемдігі жайында айтқанда оның бойының сымбаттылығына, үнінің назды, әуезділігіне, шырайының таза, балғын, қалың шашының толқындай төгілгендігіне қарап баға береміз. Бұл – адамның сыртқы сұлулығы. Ал, адамдағы басты сұлулық – ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі.
В Кзылтуской средней школе учитель начальных классов Нуржигитова Г.О. с учениками 3 класса провела классный час на тему "Красота души человека".
Цель: формировать представление о внутренней красоте, учить видеть прекрасное в себе, людях, окружающем мире расширять представление учащихся о внутренней красоте человека. Расширять представления учащихся о внутренней красоте человека. раскрывать значение понятия «красота души человека»; развитие умение видеть красоту души человека, красоту его поступков; воспитывать любовь к прекрасному.