«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

    

ас мәзірі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22 наурыз

16.03.2017

с22 Наурыз мерекесіне арналған «Армысың, әз- Наурыз»

Сабақтың

тақырыбы:  «Армысың, әз -Наурыз»

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы

екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа

беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын

дамыту.

Өз ұлтына

деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін,

әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Барысы: 

а) Ұйымдастыру

ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап,

мақсатымен таныстыру.

  Мұғалім:
Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстар сайратып,

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың ұлы күні келді ағайын.

Той құтты болсын! Ақ мол болсын!

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың

ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ

даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын

тойлатып жаңа жыл келді. 
НАУРЫЗ - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. 
Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа

күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар,

қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап өтеді. Бұл мейрам күн мен

түннің теңелген мерзімі

 

Хор: «Наурыз» әні

Тақпақтар:

 Ғасырдан жеткен ғасырға Наурызбен

құттықтап,

Ұлтымның ұлы дастаны Алыс жақын

қауышты.

Жасай берсін мәнгілік Көктемдегі

жарқын сәт,

Ғасырдан өткен ғасырғa.

Көңілдерге ауысты

 

Наурыз тойым,

Наурыз тойым.

Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық.

Наурыз – бұл мереке Жылдың басы

Наурыз,

Құтты болсын береке Жердің басы

Наурыз.

Қыдыр ата келсін Мерекеге

арналсын

Жақсы тілек әкелсін Бүгінгі жыр-

әніміз.

Наурыз келді алақай, Жыл басы

–Наурыз мереке

Кел билейік балақай, Ақ нұрға

әлем боянды.

Бізде қарап тұрмайық, Наурыз тойы

береке

Тойға шашу шашайық Тіршілік жаңа

оянды!

Той думанға келіңіз,

Тамашалап көріңіз,

Ән айтайық бәріміз,

Қол соғайық бәріміз

НАУРЫЗ

БЕЛГІЛЕРІ
-Наурыз айында мал төлдей бастайды. Оны ешкімге

сыйға бермейді, сатпайды.«Наурыз төл» деп атайды. 

-Наурыз күні қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл

жақсы болады, деп қуанған. «Наурызша» - деп

атаған. 

-Бұл күні 7 түрлі дәмнен «Наурыз көже» пісіріледі.

Мұғалім:
Балалар мен сендерге біршама Наурыз

мерекесіне байланысты

сұрақтар

қойғым келіп тұр сұрақтардың жауабын тауып көреміз бе?

Сұрақтар: 

№1. Төрт

түлікті ата. (түйе,жылқы, сиыр, қой-ешкі)

№2.Аптаның

бесінші күні (жұма)

№3.Апта

күндерін ата. (Дуйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
№4. Жұмбақ.
Онсыз астың дәмі жоқ,

Ассыз оның мәні жоқ. (тұз)
№5. Сүт тағамдарын ата. (сүт, айран, қымыз, шұбат,

ірімшік, май, қаймақ, құрт)
№6. Ұлттық ойындарды атаңдар .( «Айгөлек», «Ақсүйек»,

«Тобық», 
«Ханталапай», « Тоғызқұмалақ», « Теңге алу»,

«Қыз қуу», «Асық», 
«Көкпар», «Бес тас» тағы басқа.
№7.

Жұмбақ.
Онсыз астың дәмі жоқ,

Ассыз оның мәні жоқ. (тұз)

Мұғалім:
Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді шалқытып,

Інжу-маржан шашайық!

Жиналған халық таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық.

Тақпақтар:

 7 ,8 бала

Күттіріп келген жыл басы,

Ата-бабам тойлаған,

Бізбен бірге тойлашы Наурызым,

армысың!

Дастарханға елімнің, Қызығыңа

тоймаған,

Береке,ырыс сыйлашы Дархан дала

қарлы шың.

9,10 бала

Ей, балалар, балалар, Оу, халайық

халайық,

Енді маған қараңдар.. Әсем әнге

салайық.

Наурызды тойлайық, Наурыз тойын

көңілді,

Қызық ойын ойнайық. Бірге қарсы

алайық

11,12 бала

  Жылдың басы Наурыз, Келді Наурыз,

жар салып.

Жердің басы Наурыз. Би билейік ән

салып.

Мерекеге арналсын Жылда келсінҰлыс

күн,

Бүгінгі жыр-әніміз. Тұрайық есен

қарсы алып

  Мұғалім: Балалар қандай біздің

ұлттық ойындарымыз қандай білесіңдер ме?

Жарайсыңдар!

Олай болса осы ұлттық ойындардың

бірнешеуін ойнап көрелік.

Түн мен Күн көрініс: 
Мұғалім:
Балалар біздің қандай салт дәстүрлеріміз бар

білесіңдер ме?

Жарайсыңдар!

Олай болса балалар біздің арамызда әжейлер отыр екен осы әжелер бізге «Бесікке

салу» рәсімін көрсетеді екен көрейік 

Қазақ

халқының салт-дәстүрінен көрініс. «Бесікке салу» 

Әжей: Армысыңдар, жәмиғат! (қолың жайып)

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ, жол болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын,

Қайғы уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин! (бетін

сипап бата береді.)
Қорытынды: 
Мұғалім: 
Ән қосылсын әңіне,

Сән қосылсын сәңіне!

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман –есен жетейік. 

Келер Наурыз тойына!

Наурыз құтты болсын!!! Қазақстанымыз

гүлдей берсін!

Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан

тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!Осымен МАД сынып

оқушыларының дайындаған «Армысың әз Наурыз!» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! 

Просмотров: 229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст