Қызылту орта мектебінде жазғы демалыс «Балауса » лагерінде жұмысы жүргізілуде. Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын бастады. Оқушылардың денсаулықтарын сақтау дағдыларына тәрбиелеу, оқушыларды интеллектуалдық ойындарға қатыстыру, логикалық ойлау қабілеттерін дағдыландыру сайыстары,тапқырлық, адамгершілік және рухани құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында жұмыс жоспарланды. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара. Ойындар арасында мектеп медбикесі , мектеп кітапханашы ат салысты. Мектеп медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді, кітапханашылар оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілерді оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулыды. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс – шаралар жүргізді.Спорттық сайыстар өткізілді. Бастауыш сынып ұстаздары мен бірлесіп жалпы бастауышта сағаттары бар ұстаздарда, өз еңбектерін аямады. Атап айтсақ ағылшын тілі әр топта 20 мин қызықты ойындары мен жақсы тақырыптарда жұмыс жүргізді. Жазғы мектеп жанындағы «Балауса» лагерінің жұмыс барысы жоспар бойынша өтіліп, өз деңгейіне жетті.