Текст
Қызылту орта мектебінде түлектер үшін "Қош бол ұстаз, алтын ұя мектебім!" атты аттестат алу кеші өткізілді. Кештің өткізілуіне Қорғалжын аудан әкімнің орынбасары Түстікбаев Жомарт Далабайұлы мен ауыл әкімі Жумашев Құсайын Хасенұлы, ардагер ұстаздарымыз , ұстаздар мен ата-аналар қатысты .Түлектер мұғалімдерге деген алғыстарын , жылы лебіздері мен ыстық ықыластарын жүректен шыққан ән мен өлеңдер арқылы жеткізді. Ұстаздар түлектерге әрқашанда ақ жол тілеп және қандай таңдау жасаса да тек сәттілік пен бақытты ғұмыр тіледі.