4-маусым – Қазақстан Республикасының рәміздер күні мерекесіне орай «Балауса» жазғы демалыс алаңында мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні балаларды Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздерге арнап сайыстар ұйымдастырылды. Салтанатты жиынмен басталып, гимнмен шырқалды. Лагерь жетекшісі мен тәлімгерлері тәрбие сағаттарын өткізді. Балалар өлең оқып, ән айтып, би биледі. Қазақстан Республикасының рәміздерін кім қанша біледі екенің анықтау мақсатында сұрақ-жауап ойындары жүргізілді. «Республика рәміздері – ел мақтанышы» тақырыбында сурет салды, «Бұны білу қажет» рәміздерді білуге викторина, кітапханаға барып, онда рәміздер туралы жазылған оқулықтармен, журнал, газеттермен таныстық. Әр бір іс-шараларға балалар белсенді қатысты, өз өнерлерін көрсетті