Текст
Мектепте 1 мамыр - Қазақстан Республикасы халықтарының ынтымағы мен бірлік күніне орай "Достығымыз жарасқан" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар әр ұлт өкілдерінің өнерлерін тарту етті. Осы мерекеге орай бастауыш сынып оқушылары "Жас Қыран" ұйымына қабылданды. Сынып сағаттары өткізілді.