Текст
2018 жылдың 1 құркүйек күні Қызылту орта мектебінде "Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!" атты салтанатты жиын өтті.
Мақсаты: "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы контексінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын білім беру процесіне енгізу.
"Нұр Отан" партиясының бастамасымен қолға алынған IT сыныбы ашылды. Мұнда заманауи технологиялар орталығына ақпараттық технологияны терең игеруге дарынды оқушылар қамтылады. Бұл бастама аудандық маслихат депутаты Досанбаев Бекет Анарбайұлы демеушілігімен жасалды. Сонымен қатар "Нұр Отан" партиясы Қорғалжын аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жумабаев Қайрат Төленұлы оқушыларды құттықтап аудан бойынша алғашқы ашылып отырған IT сыныбына сәттілік тіледі.