2018-2019 оқу жылына арналған дәстүрлі «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырылды. Акцияда 8 оқушыға киім-кешек және оқу құралдары берілді. Аз қамтылған отбасынан 2 оқушысы Мукатов Елжанға демеуші «Балбөбек-Алина» балабақша ұжымы, Мукатов Ержанға демеуші Қызылту орта мектебі болды . Тұл жетім 7 сынып оқушысы Бахытбек Айтолқынға демеуші болған Қарашалғын ауылдық округінің әкімшілігі.Қамқорлықтағы 10 сынып оқушысы Ходорцов Иосифке демеуші аудандық маслихат депутаты Досанбаев Б.А. Қамқорлықтағы үйде оқитын 9 сынып оқушысы Тоқжуманов Асылбекке демеуші Қорғалжын аудандық кіріс басқармасының бастығы М.Алибекова, Қазынашылық бөлімінің басшысы А.Исабекова. Қамқорлықтағы 7 сынып оқушысы Мырзабай Мадиге
демеуші болған Қорғалжын аудандық почта желісінің ұжымы және 7 сынып оқушысы Калиева Ланаға Қорғалжын
аудандық спорт мектебінің директоры А. Балмағанбетов демеуші болды. Қазіргі таңдағы Қорғалжын аграрлық коледжінің студенті даму мүмкіндігі шектеулі Жаксалаг Серикгүлге Қорғалжын аудандық Қазақтелеком бөлімінің бастығы Б.Тақсимов демеуші болды. Сонымен қатар көпбалалы отбасынан 4 сынып оқушысы Қуандық Мөлдірге аудандық маслихат депутаты Смагулова Р.Қ. өз тарапынан оқу киімі мен
оқу құралдарын қамтамасыз етті.