«Әдістемелік көмек көрсету» күні
2018 жылдың 10 қазан күні Қызылту орта мектебінің аясында аудандық білім бөлімі мен педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Әдістемелік көмек көрсету» күні өткізілді. Бұл мұғалімдерге жасалған үлкен көмек болып саналды. Білім саласында жаңартылған білім мазмұны жүйесінің оқу үрдісіндегі қолданылу аясымен танысу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілген іс-шараға аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлзат Аманжолқызы, мектеп ұстаздары және Көкшетау қаласынан келген педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері қатысты. Бастауыш сынып мұғалімдері Асанова М.А., Уызбай А.В., қазақ тілі пәні мұғалімдері Нығыманова Ш.Е., Төлеубекова А.Н., математика пәні мұғалімі Сагинаева Г.С., география пәні мұғалімі Қошқарбаев Ж.Қ. ашық сабақтар өткізді. Мұғалімдер арасында ынтымақтастық орта қалыптастыру және оқу мен оқытуды жақсарту үшін сабақта тиімді тәсілдерді қолдану негізге алынып, кері байланыс жасалды.