16 желтоқсан- ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғыры» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға оқушылар, ата-аналар, ұстаздар және қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты. Атаулы мереке күні қарсаңында 5 сынып оқушылары бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды. Бүгінгі мерекеде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында оқушылардың бойына патриоттық тәрбиені сіңіру үшін «Жас сарбаз» әскери- патриоттық клубының алғашқы бастамасы қолға алынды. Бұл бастамаға ата-аналар демеушілік жасады.Мектеп оқушылары мерекеге орай өз өнерлерін ортаға салып, көрмендер ризашылығын алды. Шығармашылыққа бейім оқушылар Тәуелсіздік күніне арналған жыр шашуларын тарту етті. Мектеп басшысы Қ.Асанова мектеп ұжымында еңбекте табысқа жеткен ұстаздар мен ұжым қызметкерлерін марапаттады.