«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

    

ас мәзірі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Желілік аймақтық қауымдастық жұмыс

26.03.2018

Желілік аймақтық қауымдастық жұмысы мектептер арасындағы ынтымақтастықты

қалыптастырады.

 

 

2018 жылдың 17 наурыз күні мектепте желілік аймақтық қауымдастық жұмысын дамыту мақсатында «Критериалды бағалау: оқу нәтижесінің жетістігі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға Ш.Уалиханов атындағы Қараегін орта мектебі мен Ұялы негізгі мектебінің ұстаздары қатысты. Семинар барысында коучинг, зерттеу сабағы, шебер сынып және рефлексия жұмыстары қамтылды. «Критериалды бағалауды түсіну» тақырыбындағы коучингті Қызылту орта мектебінің І,ІІ деңгей бағдарламасын меңгерген коучтер бастауыш сынып мұғалімі М.Мәдениет пен

математика пәні мұғалімі Г. Сағынаева өткізді. Зерттеу сабақ 4а сыныбында математика пәнінен«Үлес»тақырыбында Нуржигитова Г.О. өткізді. Шебер сынып жұмысын 5а сыныбында қазақ тілі пәнінен Ш.Уалиханов атындағы ОМ-нің мұғалімі Сейтжанова А.Б. «Жол белгілері» тақырыбында өткізді. Ұялы негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Боштаева Г. «Тәлімгерлік жұмыстың мазмұны» тақырыбында өз презентациясын көрсетіп, ой бөлісті. Желілік аймақтық қауымдастық жұмысының қорытынды бөлімінде ағылшын тілі пәні мұғалімі П.Сатанова жиынға қатысушы мұғалімдермен  «Не көрдім? Не істедім? Не білдім?» және«ұнаған сәттері, ұнамаған тұстары сұрағым бар» кері байланысын жасады. Қатысушы мұғалімдерге «Критериалды бағалау: оқу нәтижесінің жетістігі»тақырыбындағы желілік аймақтық қауымдастығында іскерлік т анытқаны үшін сертификаттар табысталды. Ал, өз кәсіби білімін жетілдіруде ынтымақтастық шеберлігін қалыптастырғаны үшін Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің мұғалімі А.Сейтжанова дипломмен марапатталды. Қатысушы ұстаздар желілік аймақтық қауымдастығының жұмысына жақсы баға беріп, осы бастама өз жалғасын одан әрі жетілдірсе мұғалімдерге тиімді болар еді деп тарқасты.

 

Просмотров: 303


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст