Текст
12 – сәуір Ғарышкерлер күніне 56 жыл толуына орай Қызылту орта мектебінде «Ғарыш әлемі» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылып, сыныптарда «Ғарышқа -57 жыл» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Әлемде 56 жыл бұрын , яғни 1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа алғаш рет «Восток» зымыранымен ұшқан Ю.А.Гагарин туралы, сондай-ақ егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров пен басқа да батырлары Т.Мұсабаев пен А.Айымбетов жайында өмірбаяндары туралы айтылды.Ұшқыштардың өмірбаяндары жайлы айтылып, сурет салғызып, қазақтың қос ғарышкерлеріне арналған көркем сөз оқып, «Ғарышкерлер» ойыны ойнатылды. Тәрбие сағаты тартымды өтті.