Текст
Қызылту орта мектебінің психологі Смагулова Ж.Г 5-7 сынып оқушыларының ата-аналарымен « Бала- гүл» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Мақсаты: ата – аналар мен балалар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау. Тренинг барысында ата-аналармен «Тор» ойыны , «Өзім туралы » жаттығулар, «Біздің үй» бірігіп сурет салу , кесте толтыру , «Жақсы қасиеттер» жаттығулар ұсынылды. Ұйымдастырылған тренинг бойынша өз ойларын, ұсыныстарын, тілектерін
«Ғажайып гүл» күлтешесіне жазып тақтада әдемі гүлдің бейнесін құрастырды. Тренинг сәтті ұйымдастырылды. Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп тарасты.