Ерлікке жасалған тағзым
Қызылту орта мектебінде 2018жылдың 24 сәуірінде Рухани жаңғыру аясында жерлесіміз жауынгер-интернационалист
Смайлов Сағындық Садықұлын еске алуға арналған дәстүрлі баскетбол жарысынан аудандық турнир өткізілді. Аталмыш шараға Қорғалжын аудандық қорғаныс бөлімі басшысының орынбасары Серік Хайдарұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Дәулетхан Нұрбекұлы, Астана қаласынан Сағындық Садықұлының бауырлары Талғат, ауған соғысының ардагері, Қараегін ауылының тумасы Қабиев Сембек және Қорғалжын ауданының тумасы, ауған соғысының ардагері Рахманкулов Сарсен қатысты. Мектептер арасынан баскетбол турниріне өз үлестерін қосқан 7 команда Ақтан Төлеубаев атындағы ОМ, Арықты ОМ, Қорғалжын МГ, Кеңбидайық ОМ, Үсенов атындағы
Сабынды ОМ, Ш.Уалиханов атындағы Қараегін ОМ, Қызылту ОМ. Сонымен қатар ауған соғысының ардагерлері
мектеп оқушыларымен кездесіп, Сағындық Садықұлының ерліктері туралы, әскер қатарына қабылданған кезде ауған жеріне жас жауынгерлердің сұрыптаудан өтіп жіберілгенін айтып өтті. Оқушылар қонақтарға өз сауалдарын қойды және батырлық, ерлік туралы мағлұматтар алды. Турнир мәресінде жүлделі І орынға Кеңбидайық ОМ, жүлделі ІІ орынға А.Төлеубаев атындағы ОМ, жүлделі ІІІ орынға Қызылту ОМ командасы ие болды. Осындай шаралар жас ұрпаққа үлгі-өнеге болары сөзсіз.