Текст
Қызылту орта мектебінде саптық әндер байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс- шара мамыр айының 4-нші жұлдызында 7-10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Саптық әндер байқауын АӘД пәні мұғалімі Кусаинов Нурбек Далабайұлы ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты: оқушылардың бойында әскери патриоттық сезімді ояту, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Ережеге сай әр сыныптың топ басшысы әскери рапорт беріп, сап түзеп, әнді айтып өтті. Сондай-ақ, әр сынып арнайы әскери киім үлгісінде сынып намысын қорғады . Іс-шара соңында жеңімпаздар әділ-қазылардың бағалауымен қортындыланып, марапатталды.