«Ойнайық та, ойлайық» көңілді тапқырлар сайысы
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін дамыту,белсенділіктерін арттыру.
Көрнекілігі: слайдтар, шарлар.
Барысы:
І Ұйымдастыру
кезеңі:
М: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» сайыскерлер.Бүгінгі аудандық «Ойнайық та, ойланайық» көңілді тапқырлар сайысына қош келдіңіздер!
А)Мақсатымен таныстыру.
Ә)Бүгінгі білімділер,білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Алғырлықпен сайысады топтарымыз
Алға озар мықтысы осы жолда.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
(сайысқа қатысатын топтарды қошеметпен ортаға шақырамыз)
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
Б) Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыспа?
Сайысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділқазыларды сайлап алайық.
1.
2.
3.
ІІ Сайыс
тапсырмалары
1.Таныстыру
2.Үй тапсырмасы- «Жарнама» (кез келген тақырып-3-5 мин)
3. «Кім көп біледі?» викториналық сұрақтарға топ жауап береді.
4. «Жүйрік болсаң, озып көр»-бұл кезеңде
мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал ойыншылар сол мақалдың жалғасын
табады.
5. «Қисынды шынжыр»-әріптерден сөз құрастырады.
6.Топ басшылар сайысы- «Қызықты жаңалықтар» (оқу-3 жаңалық)
Бүгінгі кеш-қызықты кеш,
Көрермендер, халайық.
Ой-түйсікті қозғап қазір,
Биікке қанат қағайық.
Мәңгілікке есте қалар,
Қызықты бұл жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын.
1)
Таныстыру
Әй тәкаппар дүние
Маған бір қарашы
Танимысың сен бізді
Біз қазақтың баласы,-деп
кезекті таныстыру кезеңіне береміз.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
Әділқазы бағалары
2)Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық
айтса калт айтпайды,
Әрқашанда нанымды-деп келе,келесі Үй тапсырмасы-«Жарнама» (кез келген
тақырыпта 3-5мин)
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
Әділқазы бағалары
3)Таңғалдыр біліміңмен
көрерменді,
Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.
Қанеки, өрендерім бастайықшы.
«Кім көп біледі?» деген бөлімді
викториналық сұрақтарға топ жауап береді.
1-топ.
Қазақ тілі Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?
(не істеді? Не қылды? Қайтті?)
Математика.
1 ғасырда неше жыл бар? (100)
Дүниетану.
Өсімдіктің жер асты мүшесі? (тамыр)
2-топ
Қазақ тілі
«Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді, ол қандай сөз табына жатады?
(Реттік сан есім нешінші?)
Математика.
9 дм неше сантиметр? (90 см)
Дүниетану.
Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады?
(Көкжиек)
3-топ
Қазақ тілі
Мәтіннің неше түрі бар?
(3 түрі бар әңгімелеу, сипаттау,пайымдау)
Математика
5 сағатта неше минут бар?
(300 мин)
Дүниетану.
Карта дегеніміз не? ( карта – жер бетінің кішірейтіліп берілген кескіні)
4-топ
Қазақ тілі
Ата, менің атымды кім қойған? Сөйлемнен қаратпа сөзді тап
(Ата)
Математика
Санды өрнек неден құралады? (саннан)
Дүниетану.
Шөл дала дегеніміз не? (Шөл деп құрғақ климатымен ерекшеленетін
аумақты айтады)
5-топ
Қазақ тілі
Сөйлемнен сын есімді тап? Қасқа бұзау өрістен қайтпады. (Қасқа)
Математика.
3 9 нешеге тең?
(729)
Дүниетану.
Қазақстандағы ең биік тауларды ата? (Тянь – Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары)
6- ТОП
Қазақ тілі Әсемнің әжесі мейірімді, кеңпейіл, ақкөңіл жан.
Сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тап. (мейірімді, кеңпейіл,ақкөңіл)
Математика
Ұзындығы 11 см, ені 8 см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең? (88 см )
Дүниетану.
Әр адамның шағын отаны қалай аталады ? (отбасы)
7- ТОП
Қазақ тілі
Сөйлемнен қыстырма сөзді тап. Оның бәрін, әрине, жалғыз істей алмайсың. (әрине)
Математика.
Жарты тоннада неше килограмм бар? (500 кг)
Дүниетану.
Қай жылы, қай күні Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды?
(1991 ж 16 желтоқсан)
8-топ
Қазақ тілі
Сөйлемнен күрделі сөзді тап.
Әжей сырмақтың ортасына арқармүйіз оюын салыпты. (арқармүйіз)
Математика
1 25-тің 5бөлігі нешеге тең? (5)
Дүниетану
Көкжиек тұстарын немен бағдарлауға болады? (тұсбағар)
9-топ
Қазақ тілі
Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөзді тап.
Күн ап-ашық болғанымен, ызғар бетті қарып барады. (ап-ашық)
Математика.
Жеңіл автокөлік 80 км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүрді. Ол қанша километр жол жүрді. (400 км)
Дүниетану.
Физикалық картада қыратты қандай түспен бейнелейді? (Сары)
10-топ
Қазақ тілі
Қысқарған сөздердің толық атауын айт.
Қ Р Ұ Ғ А (Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы)
Математика
Параллелепипедтің ұзындығы 10 см,ені 2 см , биіктігі 5 см . Көлемін тап .(100 см )
Дүниетану
Топырақ деген не? (өсімдік өсетін құнарлы қабат)
11- топ
Қазақ тілі
Сөйлемнен зат есімді тап.
Балалар көшедегі орындыққа келіп отырды. (Балалар)
Математика
81 қай санның квадраты?
(9)
Дүниетану
Желдің күші мен бағытын анықтайтын құрал қалай аталады? (желбағар)
Әділқазы бағалары.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
4)«Жүйрік болсаң, озып көр»
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін мақал-мәтелге берелік деп, бұл кезеңде мақалдың бірінші жартысы оқылады, алойыншылар сол мақалдың жалғасын табады.
(Әр топқа 3 мақалдан)
1 – топ
1. Білім қымбат, (білу қиын)
2. Ақыл – тозбайтын тон, (білім-таусылмайтын кен)
3. Шебердің қолы (көпке ортақ)
2- топ
1. Көп жасаған білмейді,(көп көрген біледі)
2. Өз білмегеніңді кісіден сұра,(үлкен болмаса, кішіден сұра)
3. Ашу – дұшпан, ақыл-дос(ақылыңа ақыл қос)
3 – топ
1. Өзін-өзі мақтаған – (өліммен тең)
2. «Сіз» деген – сыпайылық,(«сен»
деген-анайылық)
3.Әдепті бала - арлы бала,(әдепсіз бала-сорлы бала)
4 – топ
1) Бірлік болмай ,(тірлік болмас)
2) Ер жігіт ел үшін туады ,(ел үшін өледі)
3) Досы көпті жау алмайды ,(ақылы көпті дау алмайды)
5 – топ
1) Жақсы адам – елдің ырысы ,(жақсы жер-жанның тынысы)
2) Адам болатын бала (алысқа қарайды)
3) Ақыл – дос ,(ашу-дұшпан)
6 – топ
1) Еңбек ерлікке жеткізеді ,(ерлік елдікке жеткізеді)
2)Еңбегі аздың (өнбегі аз)
3)Еңбек етпесең , елге өкпелеме (егін екпесең, жерге өкпелеме)
7 – топ
1) Еңбек қылсаң ерінбей ,(тояды қарның тіленбей)
2) Өнер алды – (қызыл тіл)
3) Жақсы – ай мен күндей ,(әлемге бірдей)
8 – топ
1)Жүк ауырын нар көтереді.(ел ауырын ер көтереді)
2) Ердің көркі елімен ,(Отан көркі жерімен)
3)Жауға жаңынды берсең де, (сырыңды берме)
9 – топ
1)Ел үмітін ер ақтар ,(ер атағын ел соқтар)
2) Өнерлінің қолы алтын ,(өлеңшінің сөзі алтын)
3) Саусағы ұзын биші болар ,(құлағы ұзын күйші болар)
10 – топ
1)Сумен ойнама , батарсың ,(отпен ойнама, күйерсің)
2) Бірлігі жоқ ел тозады ,(бірлігі күшті ел озады)
3) Еңбек етсең ерінбей ,(тояды қарның тіленбей)
11- топ
1)
Оқусыз білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ).
2) Өнерлі қол - ( бақытқа жол)
3) Ата – балаға (сыншы)
Әділқазы бағалары.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
5) Өз тілін жетік біліп үйренсе кім, Ең жақын ұрпағы сол Жиреншенің. Құрбы-құрдас, сергітіп бірін-бірі.
Шешендігін білдірер бүгін, міне-деп келесі тапсырма «Қисынды шынжыр». Мына әріптерден А,С,Н,З,Қ,Т,Р,О .
2
минутта сөздер құрастыру .
Әділқазы бағалары.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
6)Алғырлықпен сайысады топ басшы, Алға озар мықтысы осы жолда. Көпшілікке жаңалығын қызықтамақ, Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
Келесі тапсырма Топ басшылар сайысы-«Қызықты жаңалықтар» 3 жаңалық оқу. Әділқазы бағалары.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
-Міне, біз «Мыңнан тұлпар,жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы тобымызды анықтайтын кезге де жеттік. Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмайшықтық бүгін шыңдарына, «Көңілді тапқырлар» сайысы аяқталды.
Сөз кезегі әділқазы алқасында. «Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына Жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңгі Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жолдауы ешқашан еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз.